Давлеткалиев Бауыржан Шынбергенұлы 1989 жылы 06 мамыр күні Алматы қаласы Жетісу ауданында дүниеге келді. 2007 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы Абай атындағы мектеп-гимназиясын аяқтады. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «050903 – Жерге орналастыру» мамандығы бойынша мемлекеттік білім грантын иеленіп, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің жерге орналастыру мамандығының 1 курсына қабылданып, 2012 жылы «жерге орналастыру ғылымдарының бакалавры» дәрежесін алды. Бакалавриат бөлімі бойынша профессор Джуламанов Т.Д. жетекшілігімен «Пайдалы қазбаларды алу үшін жерді бөліп беру» тақырыбында бітіру жұмысын қорғады. Давлеткалиев Б.Ш. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің, магистратура оқу сатысының – «6М090300 – Жерге орналастыру» – мамандығы бойынша магистратура бөлімінің мемлекеттік білім грантын иеленді. Магистрлік диссертацияны к.т.н. ассоц. проф, Солтабаева С.Т. ғылыми жетекшілігімен «Қазіргі кездегі жерге орналастыру жұмыстарының проблемаларын шешу әдістері» тақырыбында жүзеге асырылды. Көптеген ғылыми конференцияларға өз ғылыми еңбектері мен мақалаларын ұсынған болатын. Давлеткалиев Б.Ш. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқу барысында факультет ішіндегі іс-шараларға белсене қатысты.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Қ.И.Сәтбаев ҚазҰТУ
Жоғары
2012
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0